Ирланд теңізі (, , ) — Атлант мұхитының шеткі теңізі, шығысындағы Ұлыбритания, батысындағы Ирланд аралдарының аралығында, мұхитпен Солтүстік бұғаз (солтүстік жағынан), Әулие Георг бұғазы (оңтүстік жағынан) арқылы жалғасады.

Тереңдігі 272 м-ге жетеді. Түпкі шөгінділері — малта тас, құм, тұнба. Ірі аралдары — Мэн және Англси. Жағалары кішігірім шығанақтармен, қойнаулармен тілімделген. Жыл бойы батыстан жел соғады. Қыста теңіз дауылдары жиі болады. Суының температурасы ақпанда 5—9 °С градустан, тамызда 13—16 °С градусқа дейін жетеді. Тұздылығы 32—34,8 ‰ аралығында өзгереді. Беткі ағысы — айналмалы ағыс. Жарты тәулікте бір көтеріледі (биіктігі 1–2 м-ден 6 м-ге дейін). Теңізден балық (майшабақ, килька, нәлім) ауланады. Ірі порттары — Ливерпуль (Ұлыбритания) және Дублин (Ирландия).

Санат:Ирланд теңізі Санат:Ирландия географиясы Санат:Ұлыбритания географиясы