Османлы мемлекетінің сұлтаны — Османлы мемлекетінің басшысы, Османлы әскерінің бас қолбасшысы.
Османлылардың ата-тегі оғыздардың қайы тайпасынан шығады. Бұл тайпа XIII ғасырдағы моңғол шапқыншылығынан құтылып, Анадолыға көшеді. Тайпаның басшылары осында әскер жинап жатқан хорезмшаһ Жалаладдин Мәңгібердінің (1199-1231) қызметінде болады. Кейінірек Ертұғрыл бей (1198-1281) бастаған тайпаның бір бөлігі Анадолы Селжұқ Мемлекетіне көшеді. Селжұқтардың сол кездегі сұлтаны I Алаеддин Кейкұбат (1192-1237) Ертұғрылға Анадолыдағы Сөгүт қаласын сыйлайды. Осы қалада Ертұғрыл ұлы I Осман 1299 жылы Османлы Бейлігінің негізін қалайды.
I Осман (1258-1326) және оның баласы Орхан (1288-1359) Анадолыдағы әжептәуір жерді басып алады.
I Мұрат (1326-1389) өз әкесі мен атасының жаулауларын жалғастырады. Бұл жетістіктерді пайдаланып, ол 1383 жылы өзіне «сұлтан» деген атақ алды. Ол 15 маусым 1389 жылы Косово шайқасында серб серісі Милош Обиличтің қолынан қаза тапты.
I Баязит (1357-1403) небәрі 13 жыл ішінде (1389-1402) мемлекеттің аумағын екі жарым есе ұлғайтты. Бұл оның шешімді тез қабылдауы мен оның әскерінің шапшаң жылжуының әсері. Осыған байланысты ол «Шапшаң» деген лақап атымен әйгілі. Шапшаң Сұлтан Баязит тек бір ғана шайқаста жеңілді: Анкара шайқасында. Бұл жеңіліс ел ішінде өзара соғысты туғызды. Сұлтанаралық заманында I Баязиттің ұлдары Иса, Мұса, Сүлеймен және Мехмет арасында соғыс болды. Сұлтанаралықтан Мехмет шаһзада жеңімпаз болып шықты.
I Мехмет (1387-1421) сұлтанаралықтан әбден әлсіреген мемлекетті қайта қалпына келтірді. Замандастар бұл сұлтанды әділ, момын, бейбітшіл және білімді деп сипаттайды.
II Мұрат (1404-1451) өте қайратты билеуші болды. Оның тұсында османлылар өзінің ескі иеліктерін қайтарып алды. Елде мешіттер салынды, өнер өрледі, ғылым дамыды және мәдениет өркендеді.
II Мехмет (1432-1481) 1453 жылы Шығыс Рим империясының елордасы Константинополь қаласын жаулап алып, империяны толығымен жояды. Осыдан бастап ол «Жаулаушы» лақап атымен танымал болады. Константинопольмен шектелмей, Еуропаның басқа да жерлерін жаулауға кіріседі. Бірақ оның жасы мен денсаулығы оның көптеген жоспарларына кедергі болды. Жаулаушы Сұлтан Мехмет 1481 жылы ол Гебза қаласында мерт болды. Өзі салған Фатих мешітінде жерленді.
I Сәлім (1447-1512) 1517 жылы Мысырдағы мәмлүктердің мемлекетін жояды. Өзінің қатал саясаты үшін ол «Жауыз» атанды. Сол жылы Жауыз Сұлтан Сәлім өзіне «Халиф» атағын алады. Енді бұл атақ келесі османлы сұлтандарының да атағы болады. Осылайша Ұлы Османлы Мемлекеті «Халифат» атанады. I Сәлім өзінің бар-жоғы 8 жылдық (1512-1520) билік жүргізген заманында Күрдістанды, Шамды, Мысырды, Алжирді, Мекке мен Мединені жаулап алды.
I Сүлеймен (1494-1566) 1526 жылы Мохач шайқасында 55-60 мыңдық әскерімен мажарлар мен чехтердің 38-41 мыңдық әскерін толығымен жеңеді. Соғыс барысында Мажарстан мен Аустрияның патшасы II Лайош батпаққа батып мерт болады. Соғыстың нәтижесінде османлылардың Еуропадағы беделі артты. I Сүлеймен өзінің 46 жылдық (1520-1566) билік жүргізген заманында Славонияны, Мажарстанды, Молдованы, Иракты, Бахрейнді, Ливияны, Тунисті, Босния және Герцеговинаны жаулап алды. I Сүлейменнің тұсында османлылардың қуаты шарықтауының шыңына жетті. Сұлтан 7 қыркүйек 1566 жылы Сигетвар шайқасында қаза табады. Бірнеше аптадан кейін оны Сүлеймение мешітінде жерлейді.
II Сәлімнің (1524-1574) тұсында османлылар Кипр аралы мен Арабия түбегін толығымен жаулады.
III Мұрат (1546-1595) өз сұлтандығының басында сефевидтерге қарсы жорыққа шығып, нәтижесінде 1579 жылы Грузия мен Әзірбайжанды, ал 1580 жылы Каспий теңізінің оңтүстік-батыс жағалауын жаулап алды. 1590 жылы Константиние келісімі бойынша Ұлы Османлы Мемлекетіне Тебриз, Күнгей Кавказ, Күрдістан, Луристан және Хузестан қарады.
III Мехмет (1568-1603) 1596 жылы Мажарстанға жорық жасады. Хачова шайқасында 100-мыңдық османлы әскері 90-мыңдық габсбург әскерін талқандады. Османлылар аустриялық артиллерияны жойып, Мажарстанның көптеген бекіністерін өзіне қаратты.
III Мехметтен кейін Ұлы Османлы Мемлекеті тоқырау кезенін бастан кешті. I Ахметтен (1590-1617) VI Мехметке (1861-1926) дейінгі сұлтандар елдің ыдырауын тоқтата алмады. Сұлтандардың көбі мемлекеттік істерге араласпай, өздерінің гаремдерінде көңіл көтеріп, араққа салынды. Нағыз билік көбінесе сұлтандардың садрағзамдары, күңдері мен әтектеріне тиесілі болды. Олар билік үшін тартыста бір-бірін аямай, қастық ойлап, сұлтандарға қарсы қойып, өлім жазасына кестірткізіп, билікке жетіп жүрді.
VI Мехмет 1922 жылы тақтан безіп, елден біржолата кетеді. Осылайша Ұлы Османлы Мемлекетінің тарихы аяқталады, ал жаңа түріктердің тарихы басталады. 1923 жылдың 29 қазанында халифаттың басты ізбасары Түркия Республикасы құрылды.
Османлы сұлтандарының тізімі № Есімі Суреті Таққа отырған күні Тақтан кеткен күні Тұғрасы Құрылу дәуірі(27 шілде 1299 — 20 шілде 1402) 1 Қара I Осман 100px|I Османның суреті 27 шілде 1299 1 тамыз 1326 — 2 Жеңімпаз Орхан 100px|I Орханның суреті 1 тамыз 1326 мамыр 1362 80px|I Орханның тұғрасы 3 Құдайшыл I Мұрат 100px|I Мұраттың суреті мамыр 1362 28 маусым 1389 80px|I Мұраттың тұғрасы 4 Шапшаң I Баязит 100px|I Баязиттің суреті 28 маусым 1389 20 шілде 1402 80px|I Баязиттің тұғрасы Сұлтанаралық дәуірі(20 шілде 1402 — 5 шілде 1413) — Сүлеймен сұлтанРумелияның 1-ші сұлтаны 100px|Сүлеймен сұлтанның суреті 20 шілде 1402 17 ақпан 1411 — — Мұса сұлтанРумелияның 2-ші сұлтаны 100px|Мұса сұлтанның суреті 18 ақпан 1411 5 шілде 1413 — — Иса сұлтанБатыс Анадолы сұлтаны — 1403 1406 — — Мехмет сұлтанШығыс Анадолы сұлтаны 100px|Мехмет сұлтанның суреті 1403 1406 80px|I Мехметтің тұғрасы — Мехмет сұлтанАнадолы сұлтаны 100px|Мехмет сұлтанның суреті 1406 5 шілде 1413 80px|I Мехметтің тұғрасы Өркендеу дәуірі(5 шілде 1413 — 29 мамыр 1453) 5 Мәртебелі I Мехмет 100px|I Мехметтің суреті 5 шілде 1413 26 мамыр 1421 80px|I Мехметтің тұғрасы 6 Қожа II Мұрат 100px|II Мұраттың суреті 25 маусым 1421 1444 80px|II Мұраттың тұғрасы 7 II Мехмет 100px|II Мехметтің суреті 1444 1446 80px|II Мехметтің тұғрасы — Қожа II Мұрат 100px|II Мұраттың суреті 1446 3 ақпан 1451 80px|II Мұраттың тұғрасы Даму дәуірі(29 мамыр 1453 — 11 қазан 1579) — Жаулаушы II Мехмет 100px|II Мехметтің суреті 3 ақпан 1451 3 мамыр 1481 80px|II Мехметтің тұғрасы 8 Әулие II Баязит 100px|II Баязиттың суреті 19 мамыр 1481 25 сәуір 1512 80px|II Баязиттің тұғрасы 9 Жауыз I Сәлім 100px|I Сәлімнің суреті 25 сәуір 1512 21 қыркүйек 1520 80px|I Сәлімнің тұғрасы 10 Заңшы I Сүлеймен 100px|I Сүлейменнің суреті 30 қыркүйек 1520 7 қыркүйек 1566 80px|I Сүлейменнің тұғрасы 11 Сары II Сәлім 100px|II Сәлімнің суреті 29 қыркүйек 1566 21 желтоқсан 1574 80px|II Сәлімнің тұғрасы Тоқырау дәуірі(11 қазан 1579 — 26 қаңтар 1699) 12 Бұзық III Мұрат 100px|III Мұраттың суреті 22 желтоқсан 1574 16 қаңтар 1595 80px|III Мұраттың тұғрасы 13 Әділ III Мехмет() 100px|III Мехметтің суреті 27 қаңтар 1595 21 желтоқсан 1603 80px|III Мехметтің тұғрасы 14 Бақытты I Ахмет 100px|I Ахметтің суреті 21 желтоқсан 1603 22 қараша 1617 80px|I Ахметтің тұғрасы 15 Телі I Мұстафа 100px|I Мұстафаның суреті 22 қараша 1617 26 ақпан 1618 80px|I Мұстафаның тұғрасы 16 Кенже II Осман 100px|II Османның суреті 26 ақпан 1618 19 мамыр 1622 80px|II Османның тұғрасы — Телі I Мұстафа 100px|I Мұстафаның суреті 20 мамыр 1622 10 қыркүйек 1623 80px|I Мұстафаның тұғрасы 17 Бағдат жаулаушысы IV Мұрат 100px|IV Мұраттың суреті 10 қыркүйек 1623 9 ақпан 1640 80px|IV Мұраттың тұғрасы 18 Ашушаң Ибраһим 100px|I Ибраһимнің суреті 9 ақпан 1640 8 тамыз 1648 80px|I Ибраһимнің тұғрасы 19 Аңшы IV Мехмет 100px|IV Мехметтің суреті 8 тамыз 1648 8 қараша 1687 80px|IV Мехметтің тұғрасы 20 Жеңімпаз II Сүлеймен 100px|II Сүлейменнің суреті 8 қараша 1687 22 маусым 1691 80px|II Сүлейменнің тұғрасы 21 Жеңімпаз II Ахмет 100px|II Ахметтің суреті 22 маусым 1691 6 ақпан 1695 80px|II Ахметтің тұғрасы Әлсіреу дәуірі(26 қаңтар 1699 — 10 қаңтар 1792) 22 Жеңімпаз II Мұстафа 100px|II Мұстафаның суреті 6 ақпан 1695 22 тамыз 1703 80px|II Мұстафаның тұғрасы 23 Лала дәуірі сұлтаны III Ахмет 100px|III Ахметтің суреті 22 тамыз 1703 2 қазан 1730 80px|III Ахметтің тұғрасы 24 Бүкір I Махмұт 100px|I Махмұттың суреті 2 қазан 1730 13 желтоқсан 1754 80px|I Махмұттың тұғрасы 25 Сопы III Осман 100px|III Османның суреті 13 желтоқсан 1754 30 қазан 1757 80px|III Османның тұғрасы 26 Алғашқы жаңартпашы III Мұстафа() 100px|III Мұстафаның суреті 30 қазан 1757 21 қаңтар 1774 80px|III Мұстафаның тұғрасы 27 Жаңартпашы I Әбділхамит 100px|I Әбділхамиттің суреті 21 қаңтар 1774 7 сәуір 1789 80px|I Әбділхамиттің тұғрасы Ыдырау дәуірі(10 қаңтар 1792 — 1 қараша 1922) 28 Низами III Сәлім 100px|III Сәлімнің суреті 7 сәуір 1789 29 мамыр 1807 80px|III Сәлімнің тұғрасы 29 Телі IV Мұстафа 100px|IV Мұстафаның суреті 29 мамыр 1807 28 шілде 1808 80px|IV Мұстафаның түғрасы 30 Жаңартпашы II Махмұт 100px|II Махмұттың суреті 28 шілде 1808 1 шілде 1839 80px|II Махмұттың тұғрасы 31 Танзиматшы I Әбділмәжит 100px|I Әбділмәжиттің суреті 1 шілде 1839 25 маусым 1861 80px|I Әбділмәжиттің тұғрасы 32 Бақытсыз Әбділғазиз 100px|I Әбділғазиздің суреті 25 маусым 1861 30 мамыр 1876 80px|I Әбділғазиздің тұғрасы 33 Телі V Мұрат 100px|V Мұраттың суреті 30 мамыр 1876 31 тамыз 1876 80px|V Мұраттың тұғрасы 34 Ұлы II Әбділхамит 100px|II Әбділхамиттің суреті 31 тамыз 1876 27 сәуір 1909 80px|II Әбділхамиттің тұғрасы 35 Парасатты V Мехмет 100px|V Мехметтің суреті 27 сәуір 1909 3 шілде 1918 80px|V Мехметтің тұғрасы 36 Дінбіріктіруші VI Мехмет 100px|VI Мехметтің суреті 4 шілде 1918 17 қараша 1922 80px|VI Мехметтің тұғрасы Республикалық халифат(18 қараша 1922 — 3 мамыр 1924) — Соңғы халиф II Әбділмәжит 100px|II Әбділмәжиттің суреті 18 қараша 1922 3 наурыз 1924 —
Тағы қараңыз Османлы мемлекеті Османлы әулеті Османлы әулетінің шежіресі
Библиография
Санат:Османлы империясының сұлтандары Санат:Түркия тарихы Санат:Мұсылман әулеттері Санат:Еуропа билеушілерінің тізімдері