Үлкен шырғалақ () - ұзын аяқты, ірі денеkі (300 г, қанатының адымы - 75 см шамасында) балшықшы. Биологиялық сипаттама Үлкен шырғалақтың тұмсығы - ұзын, қызғылт қызылсары, тұмсықтың ұшына қарай бұл түс қошқылдана түседі, тұмсықтың ұзындығы 8-11 см шамасында болады. Құс ұшып жүрген кезде қанатындағы ақ жолақтар, сондай-ақ ақ беді және құйрықтың қара ұшының қарама-қарсылығы жақсы көрінеді. Жоны - қошқыл. Жазда, әдеттегі жағдайдағыдай емес, көшпенді қалыпта кездеседі. Көбінесе бірнеше жұптардан шағын топ түзіп ұялайды. Салындыдағы 2 жұмыртқаны ата-енелері 3 аптаға жуық басады. Негізінде бунақденелілерді (қоңыздар, шегірткелер, әр түрлі көбелектердің дернәсілдері, су қандалалары), сондай-ақ басқа жәндіктерді жейді. Аздаған мөлшерде өсімдіктердің тұқымын, ұсақ пиязшықтарды қорек етеді. Таралуы Еуразияның қоңыржай ендіктерінде қоныстанады, Қазақстанда бүкіл солтүстік жартысында - орманды дала, дала және ішінара шөлейттерде ылғалды шабындықтарда, ылғалданған үлескілерді бойлай ұялайды. Қазақстанда наурызда пайда болып, қыркүйекте ұшып кетеді. Дереккөздер Санат:Татреңтәрізділер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Үлкен шырғалақ · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.