Юрий Николаевич Бабаев (1928, 21 мамыр, Мәскеу — 1986, 6 қазан, Мәскеу) — Кеңес Одағының физигі, КСРО Ғылым Академиясының мүшесі, Социалистік Еңбек Ері. Ядролық физика саласының маманы. Ататегі бойынша әзірбайжан.
Биографиясының кезеңдері 1950 ж. - Ю. Н. Бабаев Мәскеу мемлекеттік университетінің физика факультетін үздік бағасымен бітіріп шықты. 1951 ж. - № 11 Құрастыру бюросының А. Д. Сахаров басқаратын бөлімінде алғашқы сутегі бомбасын жасауға қатысады. 1955 ж. - Ю. А. Трутневпен бірге сутегі заряды құрылымының екісатылы физикалық жүйесін жасау принципін ұсынды. 1968 ж. 26 қараша - Ю. Н. Бабаев КСРО Ғылым Академиясының ядролық физика бөлімінің мүшесі болып сайланып, тәжірибелік ядролық физика мамандығында жұмыс жасады. 1986 ж. 6 қазан - Ю. Н. Бабаев Мәскеу қаласында қайтыс болды.
Марапаттары Социалистік Еңбек Ері Екі рет Ленин орденімен марапатталған (1956, 1962). "Еңбек Қызыл Туы" орденімен марапатталған (1975). "Еңбегіндегі Ерлігі үшін" орденмен марапатталған (1975). 1953 жылы ғалым Сталин сыйлығының лауреаты атанды, ал 1959 жылы Ленин сыйлығының лауреаты атанған. 2000 жылы Юрий Николаевичқа Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығы берілген.
Дереккөздер
Санат:21 мамырда туғандар Санат:Мәскеуде туғандар Санат:Әзербайжандар Санат:6 қазанда қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:КСРО Ғылым Академиясының академиктері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:Ресей мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:КСРО ғалымдары Санат:Ресей ғалымдары Санат:КСРО физиктері Санат:Ресей физиктері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:XX ғасыр физиктері Санат:Мәскеу мемлекеттік университетінің физика факультеті түлектері Санат:Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері