Глуховка — Абай облысы Бесқарағай ауданындағы ауыл, Глухов ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Бесқарағай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 62 км жерде, Ертіс өзенінің оң жағасында, Семей - Курчатов автомобиль жолының бойында, орманды-дала белдемінде орналасқан.

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1300 1247 95,9 645 632 98 655 615 93,9

Тарихы 1930 жылдың бас кезінде ұжымшар және орман шаруашылығының орталығы, 1961 жылы тың жерлерді игеруге байланысты құрылған Ертіс көкөніс-сүт өндіру ұжымшарының орталығына айналды. 1997 жылдан бастап негізінде бірнеше шаруа қожалықтарына айналды. Глуховкада Жаңасемей орман шаруашылығы, орта мектеп, клуб, дәрігерлік пункт бар.

Дереккөздер

Санат:Бесқарағай ауданы елді мекендері