Бруклин көпірі () — АҚШ-та орналасқан ескі көпірлердің бірі.

Тарихы Бұл көпірдің құрылысы 1883 жылы аяқталды. Содан бері халық ескерткіші әрі Нью-Йорк символы ретінде саналып келеді. Көпір Нью-Йорктың көп қабатты үйлерінің нақ қасында орналасқан. Манхеттен мен Бруклиннің арасын қосып тұр. Шындығында, көпірдің жобасын Джон Роблинг жасаған, құрылыс бастала салысымен қайтыс болып кеткендіктен, бұл істі баласы Вашингтон Роблинг жалғастырды. Вашингтон да сырқаттанып қалғандықтан, әйелі Эмили Роблинг құрылысты бас инженер ретінде өз қолына алады. 1884 жылы сол кездің серісі Ф. Барнум көпірдің төзімділігін дәлелдеу мақсатымен 21 піл мен цирк жануарларын жүргізіп өтеді.David McCullough. The Great Bridge: The Epic Story of the Building of the Brooklyn Bridge. Simon & Schuster, 1972 Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер http://www.nyc.gov/html/dot/html/infrastructure/brooklyn-bridge.shtml Санат:Көпірлер Санат:Нью-Йорк қаласы ғимараттары мен құрылыстары Санат:Нью-Йорк көпірлері