Халықаралық Инчхон әуежайы () - Корея республикасыныӊ астанасы Сеулден 70 шақырым қашықтықта орналасқан әлемдегі ең ірі әуежайлардың бірі.

Қызықты деректер Жылына 39,2 млн жолаушы қабылдайды. Әуежай 2001 жылы ашылған. Оңтүстік Кореяның ең үлкен әуежайында 70-ке жуық әуекомпаниялары қызмет көрсетеді. 2005 жылдан 2012 жылға дейін Инчхон әуежайы әлемнің ең үздік әуежайы деген атаққа ие болған. 2001 жылы наурыз айында ашылған бұл жас әуежайда корей мәдениетінің мұражайы бар. Сыртқы көрінісі, тазалығы, демалыс орны, мейрамханасы және қызмет көрсетуі үшін Skytrax тарапынан үздік балға ие болған.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Әуежайлар Санат:Корея әуежайлары