350px|right|Аннапурна тауы.(непал. अन्नपूर्णा) Аннапурна - Гималай тауындағы биік шыңдар. Непалдың орталығында орналасқан тау тізбектерінен тұрады. Аннапурна Покхара тау тізбектерінің солтүстігінде батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. Жанартау ошағы оңтүстігінде Аннапурнадан - 7219 м, Гангтан - 7647 м, Гангапурнадан - 7455 м, III Аннапурнадан - 7555 м, IV Аннапурнадан - 7525 м және II Аннапурнадан - 7925 м қашықтықта орналасқан. Аннапурна Гималай тау тізбектеріндегі Непалдың күріш қоймасы ретінде де белгілі. Аннапурна - Гималай ірі тау массивіне жатады. Ол ең биік таулардың тізімінде оныншы орынға ие. 1950 жылы Аннапурна алғаш рет әлемдегі биіктігі 8000 м-лік таулардың қатарына енгізілді. Аннапурна - санскрит атауы, мағынасы «асыраушы құдай» дегенді білдіреді. Аннапурнаның оңтүстік беткейіндегі базалық лагерь «Аннапурна пана орны» деген атпен белгілі. Аннапурна тауының батыс және солтүстік- батыс шатқалдарында мұздықтар ағады. Жорық жолы тау қыраттарының баурайында орналасқан. Аннапурнаның оңтүстік беткейі әлемдегі ең ірі әрі тік беткейлердің бірі болып саналады. Беткейдің өлшемі мен құрылысы ерекше. Аннапурна аймағы Кали Гандаки өзенінің Гималайды қиып өтетін тұсында, үлкен шатқалдың шығысында орналасқан. Таудың оңтүстік беткейі Эверест тауының оңтүстік-батыс беткейімен салыстырғанда 914 м-ге биік. Аннапурна ең биік таулардың тізімінде оныншы орынға ие. Аннапурна Гималайдағы биіктігі 8000 м шыңдар арасындағы ең алғаш танылған шың болып табылады.

Аннапурна жотасының басты шыңдары ШыңдарБиіктігі,мКоординаталарыАлғашқы бағындыруАннапурна I (Негізгі)80911950 жыл, француз альпинистері Морис Эрцог және Луи ЛашенальАннапурна II79371960 жыл, Джимми Робертс бастаған британ-үнді-непал тобы, шыңды Ричард Грант, Крис Бонингтон және Шерпа Анг Ньима бағындырдыАннапурна III75551961 жыл, үнділік топ: Мохан Коли, Сонам Джиасто және Сонам ГирмиАннапурна IV75251955 жыл, Хайнц Стейнмец, Харальд Биллер и Юрген Велленкамп атты неміс альпинистеріГангапурна74551965 жыл, Гунтера Хаузера басқарған неміс тобы, 11 адам шыңға шықтыОңтүстік Аннапурна72191964 жыл, жапон тобы, шыңды С. Юео и Мингма Церинг бағындырдыТиличо (тау)71341978 жыл, Эмануель Шмутц (Франция) экспедициясыНилгири70611962 жыл, Нидерландтық Гималай экспедициясы, басшысы — Лионель ТеррэМачапучаре6993Әлі бағынбаған. Жергілікті тұрғындар бұл жерді олардың Шива құдайларының үйі деп есептеп, оған табынады. Бұған шығуға тиым салынғанАлматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”. Галерея

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер https://ru.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%90%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D0%BF%D1%83%D1%80%D0%BD%D0%B0&action=submit

Санат:Непал Санат:Азия географиясы