Питт Уильям (Үлкен), «граф Чатам» (15.11.1708, Лондон,—11.5.1778, Хейс, Кент) — Ұлыбританияның мемлекет қайраткері. Жаңа отар елдерді басып алу саясатын жүргізетін «патриоттардың» виг тобы басшыларының бірі. 1735 жылдан парламент мүшесі.Marie Peters, "The Myth of William Pitt, Earl of Chatham, Great Imperialist: Part One, Pitt and Imperial Expansion 1738–1763," Journal of Imperial & Commonwealth History, Jan 1993, Vol. 21 Issue 1, pp 31–74 Жеті жылдық соғыс (1756—63) өртін тұтандыруда күшті роль атқарды. Соғыс нәтижесінде Ұлыбритания Үндістан мен Солтүстік Америкадағы француз иеліктерін түгел дерлік басып алды. 1766—68 ж. коалициялық кабинеттің премьер-министрі. 1766 жылдан лордтар палатасының мүшесі.Peter D.G. Thomas, "'The Great Commoner': The Elder William Pitt as Parliamentarian," Parliamentary History, шілде 2003, Vol. 22 Issue 2, pp 145–63
Дереккөздер
Санат:Ұлыбритания премьер-министрлері