Пиросманашвили Нико ( ; шынайы есімі Никола́й Асла́нович Пиросманашви́ли 1862 жыл , Мирзаани ауылында, қазіргі Цителцкаро ауданында, — 5. 5. 1918, Тбилиси) — грузиннің әуесқой суретшісі. Примитивизм өкілі. Тбилисиде жұмыс істеді. Негізінен шаруалар, ұсақ саудагерлер және қала тұрғындары өмірінен картиналар, асханалар мен сауық орындарына әшекей-әлеміштер, пейзаж, натюрморт салды. Пиросманашвили шығармаларын клеёнкаға, бөзге, қатырма қағазға өзі жасаған бояулар арқылы бейнеледі. thumb|right|200px|Жас кезіндегі Нико Еңбектері «Натюрморт» «Есіре ішкен үш князь» «Аула күтушісі» (үшеуі де Грузия ССР-інің өнері музейінде, Тбилиси) «Күз ішіндегі балықшы» (Мәскеу. Третьяков галереясы) А. И. Сумбатов- Южиннің «Сатқындық» (Тбилиси, Д. Какабадзенің жеке қоры), «Бего тобы» (Мәскеу, К. Симоновтың жеке қоры) пьесаларының декорация эскиздері. Галерея

Зданевич К. М., Нико Пиросманашвили, М., 1964; Нико Пиросманашвили. Альбом. Вступ. ст. Ш. Амиранашвили, М., 1967; К у Iнецов Э. Д., Нико Пиросманашвили. ЛТ.. 1975.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Грузия тұлғалары