Юто Нагатомо (жапонша 長友 佑都 Нагатомо Ю:то, 1986 жылы 12 қыркүйекте Сайдзё қаласында Жапонияда туылды) — жапон футболшысы, «Галатасарай» футбол клубы мен Жапония ұлттық құрамасының қорғаушысы. 2011 жылғы Азия Кубогінің жеңіпазы. Нагатомо әлемдегі ең зиялы футболшылардың бірі. Ол Мэйдзи Университетің бітіріп, экономиканың ғылыми дәрежесін алып, Жапонияда екі кітап жазды.

Мансабы нобай|солға|Токио құрамында Ең алғаш профессионалдық футболды Нагатомо «Токио» клубында бастады, ол жақта 3,5 жылдай өнер көрсетті. «Токио» үшін Нагатомо 2010 жылдың маусымына дейін ойнап, клуб үшін Джей-лигасында 72 матч өткізді. 2010 жылы шілде айында «Чезен» клубына бір маусымға жалға берілді. 2011 жылы 28 қаңтарда «Чезен» ойыншыны толықтай 1.7 млн.евроға сатып алды.

2011 жылы 31 қаңтарда Нагатомо миландық «Интернационале» клубына жалға берілді. Миландық клубта 55 нөмерді алды. 6 ақпанда «Интернационале» үшін алғашқы матчын, 24 турда «Рома» клубына қарсы 75 минутта Уэсли Снейдерді ауыстырып,алаңға кірді . 6 наурызда 28 турда клуб үшін «Дженоа» клубының қақпасына алғашқы голын соқты, осы матчта 13 минут қалғанда алаңға кірген еді.

Ұлттық құрама үшін Юто Нагатомо 2008 жылы 24 мамырда алғашқы ойының Кот-д'Ивуар құрамасына қарсы шықты. Қазіргі сәтте Нагатомо ұлттық құрамасы үшін 30 матч ойнап, 3 рет голмен ерекшеленді. Нагатомо 2010 жылы өткен әлем чемпионатына қатысты.

Жетістіктері Командалық Италия Кубогінің иегері: 2011 Азия Кубогінің иегері: 2011

Сілтемелер fifa.com сайтында профилі espn.comсайтында профилі guardian.comсайтында статистикасы

Санат:Жапония футболшылары Санат:Жапония Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Чезена ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Футболдан Азия чемпиондары Санат:Галатасарай ФК ойыншылары