Қопасай, Қоныссай, Садырбай – Ырғыз алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 34 км, ұзындығы 11 км болатын шағын 4 саласы бар.

Бастауы Бастауын Қамыстыкөл көлінің шығысындағы бұлақтардан алып, Аралтоғай ауылынан жоғарыда (4 км) Ырғыз өзеніне оң жағынан құяды. Сағасында көктемде шағын жайылма түзіледі. Арнасының басым бөлігі жазық өңірмен өтеді.

Гидрологиясы Көктем айларында 15-20 күн ішінде негізгі ағыны өтеді. Жылдың басқа мезгілінде құрғап қалады. Сағасының оң алқабында Ащысай батпағы жатыр. Алабы мал жайылымына, шабындыққа пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Әйтеке би ауданы өзендері