Поопо () — Орталық Анд тауындағы (3690 м биіктікте) көл; Боливия жерінде. Ауданы 2,5 мың км2-дей. Тереңд. 3 м. Суы тұзды. Көлге Титикака көлінен ағып шығатын Десагуадеро өзені құяды. Жауын-шашын мөлшеріне байланысты деңгейі де (20 ж-ге дейін) өзгеріп отырады. Жаңбырлы маусымда Поопо суының біразы Лакахауира өзенімен батыстағы Койпаса көліне ауысып отырады.

Санат:Боливия көлдері Санат:Тұзды көлдер