thumb|right|200px|Ежелгі Мысыр патшайымы Нефертити (1295–1255 BC) үстел үстіндегі «Сенет» ойынын ойнап отыр thumb|right|200px| Германиядан шыққан «Колонизаторлар» ойыны, 30 тілінде таралып, 2009 жылы 15 000 000 данасы сатылған. Үстел ойындары ( – ағаш тақтай, – ойын) — үстел үстінде алдын ала дайындалған «ойын алаңын» пайдаланатын ойындар. Бұл ойындардың дәстүрлі түрлері: шахмат, нарды, го, сёги.
Бұл ойындарда белгілі қалыппен сызылған дайын ағаш тақтай қолданылады.
Ойын барысында ойын алаңымен бірге көбіне текшелер немесе карточкалар қолданады. Олар ойынның кезекті жүрісін немесе ұпайларды белгілейді
Тарихы Ойын алаңы пайдаланатын үстел ойындары ежелгі заманнан белгілі. Солардың бірі — б.з.б. 3500 жылдары Ежелгі Мысырда кең тараған сенет ойыны. Қытайдың го ойынының „жасы“ 2500 жылдан асты. Колумбқа дейінгі Америкадағы ацтектер патолли ойнына қызыққан. Ал атақты шахмат ойыны бір жарым мың жыл бұрын белгілі болғанНовотельнов Н. А.,Знакомьтесь: шахматы,Л.,Лениздат,1976.
Қазіргі үстел ойындары Бұқаралық мәдениеттің таралуымен бірге үстел ойындарының да шалқып өркендеуі басталды. XX ғасырда көптеген жаңа ойын шыққан, оның ішіндегі ең танымалдары: «Монополия» (1930), «Теңіз шайқасы» (1931), «Скрэббл» (1938), «Риск» (1957), Mastermind (1970), «Колонизаторлар» (1995).
Дереккөздер
Санат:Ойындар