«Жұлдыз» Бұл өрнек геометриялық сынық сызықтары тұспалдайды. Ісмерлер кестеге кейде жұлдыздың натуралды қалпын түсіреді. Жұлдыз бейнесі композицияланған ою – өрнектердің ортасында кездеседі. «Жұлдызгүл» Бес бұрыш жасап, гүлмен өрнектеліп, бес тармақтан тұратын гүлді тұспалдайды. Тұскиіз, төсекжапқыш, беторамал орталарында және сырт киімнің арқа тұсына, шапанның етегінің екі алдыңғы бұрышына кестеленеді. «Күн» Бұл ою – өрнек түрі Күнді меңзейді. Діни ұғымда магиялық тылсым күші бар деп кілемнің, тұскиіздің ортасына және тұрмыстық бұйымдарды кестелеп сәндегенде қолданылады. «Мүйіз» Мүйіз оюдың ең көне мәнері. Бұл элемент көп жерде қолданылады. «Қосмүйіз» Малдың екі мүйізін бейнелейді. Бұл оюды үй жиһаздарынан басқа сәукелені, айыр қалпақтың төбесін, шетін, комзолдың алдыңғы жағын, етіктің қонышын кестелегенде қолданылады. «Арқармүйіз» Бұл элемент «қошқармүйізге» ұқсас, бірақ оған қарағанда шиыршақтанып, тармағы одан көбірек болып келеді. Үй жиқһаздарын, киім – кешектерді кестелеуде қолданылады. «Сыңармүйіз» «Қошқармүйіздің» бір жақ сыңарын бейнелейтін өрнек. Өрнек үй жиһаздарын, киім – кешектердің шеттерін кестелегенде қолданылады. «Қырықмүйіз» Біріне – бірі жалғаса, тармақтала қосылған көп мүйізден тұрады. Негізінен мүйіз бейнеленген олардың барлығының символдық мәні бақыт – береке, байлық, мал – жанының көбеюі. Тұскиіз, сырмақ, кежім тондарға салынады. «Төртқұлақ» Өсімдік типтер оюларға жатады. Бұл Пазырық қорғанынан табылған ең көне оюлардың бірі. Кесте өнерінде батырлар шапанының жауырына, шалбардың тізе тұсына салынады. «Шетою» Өрнектің бір элементі шексіз қайталана береді. Сырмақ, киім – кешектердің басқа да үй жиһаздарының жиектерін кестелеген кезінде салынады. «Үшжапырақ» Өсімдік типтес оюларға жатады. Ертедегі сәулет өнері ескерткіштерінде кездеседі. «Түйемойын» Түйенің мойнына ұқсаған мүйіз оюына жатады. Қолданыс аясы да мүйіз оюлардай. «Ботагөз» Әшекейлі композиция ортасына салынады, немесе орамал сияқты киімдердің жиектеріне салынады. «Тіс» Малдардың, аңдардың тісіне және шахмат тақтасына ұқсайтын ою – өрнек. Кесте тігуде бұрыштарын қарама – қарсы түйістіріп отыратын тік сынық сирек тістердің өрнегіне қолданады. «Таңдай» Мал таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан. Бұл өрнек киімдердің жағасына, кимешектің жағына салынады. «Құсқанаты» Қанатын жайып ұшып келе жатқан құсты бейнелейді. Бұйымдарды сәндеуге өте жиі қолданатын оюлардың бірі, басқа өрнектермен де аралас қолдана береді. Әдебиет Қазақтың кесте өнері, Алматыкітап баспасы - 2009
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Қолөнерде қолданылатын ою - өрнектер · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.