Абай Ыдырысұлы Айтмағамбетов (1949 ж. т., Алматы қ.) — суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі (1991). Алматы көркемсурет училищесін бітірген (1973). 1973 жылдан Атырау қаласында еңбек етеді. Бірнеше бедер суреттер (Жеңіс паркі қақпасындағы барельеф т. б.) мен картиналардың («Соғыс», «Ерлік», «Жеңіс» триптихі т. б.) авторы. 1997 жылдан Қазақстан Суретшілер одағы Атырау обл. ұйымы басқармасының төрағасы. Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000
Дереккөздер
Санат:1949 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан суретшілері