Солтүстік Ирландия (; ; олст.-шотл. Norlin Airlann) — Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Құрама Патшалығының әкімшілік-саяси бөлігі.
Ирландия аралының солтүстік-шығысында орналасқан. Астанасы әрі ең ірі қаласы – Белфаст. Оңтүстігінде және батысында Ирландия Республикасымен шектеседі.
Географиясы Солтүстік Ирландияның ең биік нүктесі – Морн тауларындағы Слив-Донард (848 м)
Солтүстік Ирландияның орталығында бақтақ пен жыланбалық мекендейтін Лох-Ней өзені, Ұлыбританияның ең үлкені (388 км²), орналасқан. Көлемі бойынша екінші болатын көлдер системасы – Үстіңгі мен Астыңғы Лох-Эрн, елдің оңтүстік-батысында орналасқан. Сол көлдердің арасында Солтүстік Ирландияның жазық жері орналасқан, ал солтүстік-шығысы, оңтүстік-шығысы мен батысы – таулар.
Тарихы 1920 жылдың Ирландия аралын екі мемлекетке бөлген Ирландияның үкіметі туралы акті Солтүстік Ирландияның және оның алты графтігінің пайда болуына себеп болады. Солтүстік Ирландияда протестаннтық көпшілігі болатындай Ирландия-Ұлыбритания шекарасы салынған. Өйткені католиктер жиі Ұлыбританияның басшылығын қолдайтын. Католиктер мен Протестанттар өзара сегрегацияда өмір сүретін.
Ирландияның бөлінгеніне қарсы болғандар көп болған және Солтүстік Ирландияның құрылғанынан кейін қақтығыстар, әсіресе Белфастта, жиі болатын. ИРА () жақтырмағаны сонша, Ұлыбританияның болысатын құруға мәжбүр болады. 1920-1923 жж арасында болған конфликт Белфаст тарихындағы әлі де ең үлкен қантөгісі болып келеді. қабылданғанынан кейін ғана қақтығыстар азаюды бастайды. Жалпы санасақ, Ирландияның конфликтінде 1920 шілдесі мен 1922 шілдесінің арасында 636 адам көз жұмған. Соның ішінде шамамен 460-сы Белфастта болды (58 Католик, 159 Протестант пен 3-еуінің ұстанған діні белгісіз).
Алайда, қақтығыстар толықтай тоқтамаған, және соған уайымдаған халық Солтүстік Ирландия регионынан шығуды бастайды.
1952-1965 Солтүстік Ирландияның Ұлыбританияның құрамына кіргенін қолдайтындарды жиі юнионисттер (ағыл. Union - ұйым, одақ) деп атайды. Регионның құрылғанынан кейін оның басшылығында болғандар көбінесе Юнионисттер болатын және олар Католиктер мен националисттерге қарсы кемсітушілік көрсететін жүйе арқылы билейтін.
Бұны регионда жиі байқауға болады. Кейбір графтықтар сайлаулары юнионисттердің жеңісіне көз жеткізу үшін жалғандалатын. Бұны көбінесе националисттер мен католиктер көп болатын графтықтарда байқауға болатын. Соған қоса, жұмысқа орналастырудағы кемсітушілік те жиі болатын. Осыны байқайтын католиктер эмиграцияға ұшырап, протестанттар саны көбейе беретін.
1960 жж. 3,254 адам өліміне мен 50,000 жазымдарға әкелген Солтүстік Ирландия Ылаңы болған. Оның басты себебі - ирландтарға мен католиктерге қарсы кемсітуді жақтамаған ирландықтар Ұлыбритания үкіметіне қарсы қақтығыстарға түсетін. 1969 жылдан 2003 жылға дейін 36 900-дан астам атыс қақтығысы мен 16 200-ден астам бомбалау болды.
1967 жылы Солтүстік Ирландияның азаматтық құқықтары қауымдастығы (СИАҚҚ) құрылады және оның қарсы қақтығысы 1969 жылы басталды.
Сонымен, 1973 жылы Солтүстік Ирландияда референдум өтеді. Сол жерде тұрғындар Ұлыбритания құрамына қалу-қалмау мәселесін шешеді
Мемлекет 1542 жылы қабылданған және әлі де қолданыстағы Ирландия Патшалығының актісі бойынша, Солтүстік Ирландияның мемлекет басшысы – ағылшын монархы. Егемен Ирландияның пайда болғанынан бері, Солтүстік Ирландия доминион болып келеді. Ұлыбританияның конституциясы бойынша, Солүстік Ирландия халықтық референдум арқылы, 1991 жылы қабылданған Бельфасттық келісімге байланысты, сецессияға түсе алатын жалғыз ғана бөлігі.
Заң шығарушы органы – Солүстік Ирландия Ассамблеясы (ағыл. Northern Ireland Assembly, ирл. Tionól Thuaisceart Éireann, ольст. шотл. Norlin Airlann Semmlie). Оның құрамында 108 халықпен сайланатын Заң Шығарушы Жиналыстың мүшелері бар. Олар өзінің ішінен Жиналыстың Спикерін, Жиналыстың Спикерінің Бірінші Орынбасарын мен Екінші Орынбасарын сайлайды.
Атқарушы органы – Солүстік Ирландияның Атқарушы комитеті (ирл. Feidhmeannas Thuaisceart Éireann). Оның құрамында Солтүстік Ирландияның Бірінші Министрі (ирл. Céad-Aire Thuaisceart Éireann), онымен қатарлас Бірінші Министр Орынбасары (ирл. leas-Chéad-Aire Thuaisceart Éireann) және басқа 11 министрлері бар.
Әкімшілік бөлінісі thumb|left|178x178 нүкте|Ирландия аралының әкімшілік бөлінісіСолүстік Ирландия, Ұлыбританияның басқа бөліктерідей, графтықтар мен аудандарға бөлінеді. Солтүстік Ирландияның үш түрлі бөліністері бар: Графтықтар бойынша, Аудандар бойынша және Тарихи региондары бойынша. Солтүстік Ирландияның 6 11 Графтықтары Солтүстік Ирландия алты графтықтарға бөлінеді. Олар жиі FATLAD пен FATDAD аббревиатураларымен белгілейді. 1970 жылдардың басына дейін Солтүстік Ирландия алты дәстүрлі графтықтан және екі қалаграфтықтан (Белфаст пен Дерри) тұрды. 1973 жылғы реформадан кейін графтықтар өз әкімшілігінен айырылады да, өз автономиясы бар 26 ауданға бөлінді. Сонда да, графтықтар бойынша автомобиль нөмірлері мен пошталық индекстері беру әлі бар. +№Графтықтың атыИрланд тіліндегі аты Ағылшынша аты ОрталығыХалық саны (2011)АумағыХалық тығыздығыКартасы 1 Фермана Contae Fhear Manach County Fermanagh Эннискиллен 61 170 1691 36,17 100x100 нүкте 2 Тирон Contae Tír Eoghain County Tyrone Ома 177 986 3263 54,55 100x100 нүкте 3ЛондондерриContae DhoireCounty LondonderryДерри247 1322075 119,10 100x100 нүкте 4 Антрим Contae Aontroma County Antrim Антрим 618 108 3046 202,92 100x100 нүкте 5 Даун Contae An Dúin County Down Даунпатрик 531 665 2466 215,60 100x100 нүкте 6 Арма Contae Ard Mhacha County Armagh Арма 174 792 1254 139,39 100x100 нүкте 1 810 85313 795131,27 нобай|350x350 нүкте|2015 жылдың реформасынан кейінгі Солтүстік Ирландияның автономиялық бірліктерінің картасы.
Аудандары 1972 жылдан 2015 жылға дейін Солтүстік Ирландияның 26 ауданы болды. 1 сәуір 2015 жылына бастап аудандар саны 11-ге азайтылды.http://www.legislation.gov.uk/nidsr/2012/9780337987786 Кар тада ғы №Ауданның атыОрталығыХалық саныХалық тығыз дығыАуданы, км²1Белфаст ()Белфаст341 87725811322Ардс пен Солтүстік Даун ()Бангор160 8643494613Антрим мен Ньютаунабби ()Ньютаунабби мен Антрим (кезектесіп ауысады)142 492250/км²5724Лисберн мен Каслри ()Лисберн144 381286/км²5055Ньюри, Морн мен Даун ()Даунпатрик пен Ньюри180 012110/км²16336Арма, Банбридж мен Крейгавон ()Крейгавон214 090160/км²13377Орта мен Шығыс Антрим ()Баллимина138 773133/км²10468Коузуей Жағалауы мен Гленс ()Колрейн144 24673/км²19809Орта Алстер ()Данганнон147 39281/км²182710Дерри мен Страбан ()Дерри150 679122/км²123811Фермана мен Ома ()Ома мен Эннискиллен116 83541/км²2857
Халқы
Дереккөздер
Санат:Құрама Патшалық Санат:Солтүстік Ирландия