210px|thumb|Георгий Семёнович Шпагин Георгий Семёнович Шпагин (; 1897 жыл 29 сәуір, Клюшниково ауылы, Владимир облысы — 1952 жыл 6 ақпан, Мәскеу, Ресей) - кеңес атқыштар қару-жарағының құрылымдаушы, Социалистік Еңбек Ері (1945). Өмірбаяны Болашақ құрылымдаушы Клюшниково ауылында қарапайым отбасы үйінде дүниеге келген. Үшжылдық мектепті бітірген. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1916 жылы Шпагин әскер қатарына алынып, және қару-жарақ шеберханасы полкіне түсіп, Отандық және шетелдік түрлі қару-жарақтармен жете танысып алады. Қазан революциясынан кейін қару шебері болып Қызыл Армияның атқыштар полкінің бірінде жұмыс жасайды. 1920 жылы әскерден қайтқаннан кейін Георгий Шпагин Ковровск қару-пулёмет заводына темір ұстасы болып жұмысқа тұрады. Бұл кезде тәжірибелі мамандар В.Г. Фёдоров және В. А. Дегтярёвтермен тәжірибе алмасады. 1922 жылдан қару-жарақтардың жаңа түрлерін шығаруда белсенді түрде ат салысып тұрды. Оның жақсы бағаланған жұмыстарының бірі өндірістен кейбір жеткіліксіздіктері салдарынан шығып қалған 12,7-мм ірі калибрлі Дегтярёв пулемётін модернизациялау болды. Дегтярёв пулемётіне арнап ленталық қуат көзінің жаңа моделін шығарғаннан кейін, 1939 жылы жетілдірілген пулемёт Жұмысшы-шаруа қызыл әскеріне «12,7 мм ірі калибрлі Дегтярёв — Шпагин пулемёті» деген атпен қолданысқа енді. Дегтярёв — Шпагин пулемётін жаппай өндіру 1940-41 жылдары болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында 8 мың пулемёт өндірілген. Құрылымдаушыға үлкен мәртебе әкелген жұмыстардың бірі 1941 жылы пайда болған Шпагин тапанша-пулемётінің туындысы болды. Жаңа құрастырылған тапанша-пулемёт қымбат әрі қиын дайындалатын басқа қаруларды алмастырып, бұл қару Қызыл Армияның Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең көп қолданылған автоматтық қаруы болды. (Соғыс жылдары кезінде барлығы 6 141 000 дана шығарылған) және 1951 жылға дейін әскердің құралдандыруында болды. Бұл «автомат» фашистік әскерлермен соғыстағы жеңістің басты нышандарының бірі болды. Соғыс кезінде Шпагин өз өнертабысының жаппай өндіріске шығарылуын ұйымдастырумен болды. Сондай-ақ, 1943 жылы сигналдық тапаншасын ойлап табады. Кеңес Одағы Коммунистік Партиясына 1944 жылдан кіріп, КСРО Жоғарғы Кеңесінің II жиналысының депутаты болады. (1946-1950) 1952 жылдың басында асқазан қылтамағынан қайтыс болады.
Сілтемелер Семёнович Шпагин Вятскополян тарихи музейінің сайтындағы биографиясы Г.С. Шпагина-ді ВКП(б)-ге қабылдау туралы жеке деректері
Санат:29 сәуірде туғандар Санат:1897 жылы туғандар Санат:Ковров ауданында туғандар Санат:6 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1952 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Суворов орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Мәскеуді қорғағаны үшін медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:Мергендік қаруларын құрастырушылар Санат:КСРО құрастырушылары Санат:КОКП мүшелері Санат:Асқазан обырынан қайтыс болғандар Санат:Новодевичье зиратында жерленгендер Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Вятск Полянасы тұлғалары Санат:Ресей қарушылары