thumb|right|400px|Андромеда галактикасы Андромеда галактикасы (Andromeda Galaxy, andrɒmədə), (немесе Мессье 31, қысқаша М31 және NGC 224, бұрынғы жазбалар бойынша "Андромеда тұмандығы" деп те аталады,} — Андромеда шоқжұлдызы бағытындағы спиралды (үйіріліп) айналатын жұлдыздық жүйе болып, жер шарынан шамамен 2 млн 500 мың жарық жылы қашықтықтағы галактикалық жүйе.

Ол Магеллан галактикасын (жер шары тұратын Құс жолы жүйесінің әріптес жұлдыздық жүйесі) айтпағанда жерге ең жақын галактика есептеледі. Оны Андромеда шоқжұлдызы бағытында адамзаттың ет көзімен де көруге болады (3,4-ші дәрежедегі), сондықтан ол көзбен көруге болатын ең алыс аспан денесі есептеледі. Андромеда галактикасы Жергілікті топжұлдыз (Local Group) шоғырындағы ең үлкен галактика, оның диаметрі шамамен 200 мың жарық жылы шамасында, сыртқы тұрқы Құс жолы жүйесінің пішініне ұқсап та қалады. Ол көбінесе M31 деп те аталады, өйткені Мессье жұлдыздық каталогы бойынша ол отыз бірінші диффузиялық аспан денесі жүйесі есептеледі. Жұлдыздық жүйе өзгерісін бақылайтын детектор ғарыш кемесі арқылы 2003 жылы түсірген 10 шақты суретті бірлестіріп зерттегенде, ондағы ақ-көк түсті жаңа тұрақты жұлдыз туындаған аймақтар бар екенін көреміз. Ал орталық өңірі өте көне мұздаған жұлдыздардан құралғаны байқалады. thumb|left|400px|Galex спутникі түсірген Андромеда галактикасының ультракүлгін жолақты суреті Жергілікті топжұлдыз шоғырында Андромеда галактикасы, Құс жолы галактикасы, Үшбұрыш галактикасы, және басқа да 50 шақты ұсақ галактика топтасқан. Дегенмен, кейінгі жетілдірілген өлшеу аспаптары арқылы зерттеудің нәтижесі бойынша, қазір ғалымдар Құс жолында өте көп мөлшерде Күңгірт материя бар екені, сол қараңғы материя ғаламның негізгі мөлшерін ұстайтыны белгілі болды. Спитцер ғарыштық телескобының соңғы күзетуіне негізделгенде, Андромеда галактикасында шамамен бір триллион (1012) тұрақты жұлдыз бар екен, бұл Құс жолындағы тұрақты жұлдыздар шамасынан анағұрлым көп. 2006-шы жылғы есептеулер бойынша, Құс жолы Андромеданың 50% шамасындай ғана екен, яғни шамамен 7.1×1011M☉.

Андромеда галактикасын лайықты қараңғылықтағы ашық аспаннан ет көзбен көруге болады, бірақ ол көбінесе ауасы өте таза ауыл аспанынан, таулы өңірден ғана біршама анық байқалады. Көзбен көрінетін Андромеда галактикасы өте кішкене, өйткені оның өзек бөлігі ғана жарық шығарады, бірақ егер бұл галактиканы толық көретін болсақ, онда ол толған айдың 7 есесіндей болып көрінер еді.

Миллиардтаған жылдардан кейін біздің Құс жолы жүйесі Андромеда галактикасымен өзара соқтығысуы мүмкін деген жорамал бар.

Күзету-өлшеу тарихы thumb|right|200px|Абдуррахман ас-Суфидің "Тұрақты жұлдыз" кітабындағы Андромеда шоқжұлдызы Ең алғаш Андромеда галактикасы туралы деректі Парсы астрономы Абдуррахман ас-Суфиден (903 — 986) табамыз. Оның «тұрақты жұлдыз» атты кітабында Андромеда шоқжұлдызындағы Андромеда галактикасын «кішкентай бұлт» деп сипаттаған.

Андромеда галактикасын ең алғаш телескоппен күзетіп, ол туралы естелік қалтырған адам неміс астрономы Симон Мариус (Simon Marius). Ол 1612 жылдары Андромеданы күзету арқылы оны «мүйіз түтікке ұқсайтын шам» деп сипаттаған.

1764 жылы Шарль Мессье́ (Charles Messier) Андромеда галактикасын M31 жұлдыздық дене ретінде тіркеді. thumb|left|200px|Уильям Хаггинс 1785 жылы Гершель (Sir Frederick William Herschel) аталған галактиканың орталығының қызылға бейім қосымша жарықтармен түрленгеніне назар аударды. Сонымен ол барлық ғарштық тұмандықтар арасында бұл ең жақын алып тұмандық деген қорытынды шығарды. Ол жұлдыз жарығы мен бояуының байланысына орай (бұл қате әдіснама болатын) Андромеда галактикасының қашықтығы Үлкен Арлан шоқжұлдызының 2000 есесіндей деп мөлшерледі.

Талай жылдан бері Астрономдар оны Құс жолы жүйесі ішіндегі галактика деп түсініп, оны "Андромеда тұмандығы" деп атады. Олар оны біз тұратын галактика ішіндегі үйірілісті (спиралды) айналатын жарық шығаратын тұмандық материя деп түсіндірді.

Тек XX ғ. 20-шы жылдары АҚШ астрономы Хаббл оның Құс жолы галактикасының сыртындағы дербес галактика екенін нақты дәлелдермен көрсетіп берді.

1864 жылы Хаггинс(Sir William Huggins)Андромеда галактикасының жарық спектріне талдау жасап, оның тұманды, газды ғарыштық денеден өзгеше екенін айқындады. Хаггинстің пікірі бойынша, Андромеда галактикасының спектрі жиілігі жағынан ұласпалы спектрлі қараңғы сәулелерді қабаттастырады, демек ол бейне бір дербес тұрақты жұлдыз секілді. Сондықтан Хаггнинс Андромеда галактикасында тұрақты жұлдыздың қасиеті бар деп есептеді. thumb|right|400px|Краб галактикасындағы - SN 1054 ғаламатжұлдыз қалдықтары 1885 жылы , бір ғаламатжұлдыз (Supernova) Андромеда галактикасында байқалды (қазір белгілі болғандай ол Андромеда S жұлдызы екен), бұл соған дейін байқалған тым алыс қашықтыққа орналасқан тұрақты жұлдыз есептеледі. Кезінде оның жарығы төмен мөлшерленіп, жай бір жаңа туған жұлдыз деп есептелді және оны 1885-ші жаңа жұлдыз деп атады.

Андромеда галактикасының тұңғыш суретін Исаак Робертс 1887 жылы өзінің Сассекстегі жеке обсерваториясында түсірді. Дегенмен ол да Андромеда галактикасын Құс жолы галактикасы аумағындағы жұлдыздық жүйе деп түсінуден айнымады.

Андромеда галактикасының (М31) күн жүйесіне салыстырмалы радиалды жылдамдығын (жарығының қызыл ұшқа жылжыуын) 1912 жылы Весто Мелвин Слайфер (Vesto Melvin Slipher) Лоуэлла обсерваториясында тұңғыш рет өлшеді. Оның күнге салыстырғандағы жылдамдығы секундына 300 км (186 ағылшын милі) екен, бұл сол кезде тіркелген ең жоғары жылдамдық есептеледі.

1917 жылы Хебер Кертис Андромеда галактикасының (М31) ішіндегі бір жұлдызды анықтады, кейін олардан 11-і анықталды. Кертис олардың орташа жарық шамасы он бірлік екенін, бұл Құс жолы жүйесі ішіндегі жұлдыздардың жарық бірлігінен төмен екеніне назар аударды. Бұл арқылы оның қашықтығы 500 000 жарық жылы қашықтықта екені мөлшерленді және Кертис осы арқылы өзінің "Әлем аралы" жорамалын жасады. Бұл жорамал бойынша, үйіріліп айналатын жұлдыздық жүйе бейне арал секілді өз алдына дербес жұлдыздық жүйе есептеледі.

1920 жылы Кертис пен Шеплидің үлкен пікірталасы болып өтті. әңгіме Құс жолы, спиралды айналатын жұлдыздық жүйелер және әлемнің кеңдігі қатарлы мәселелерге барып тірелді. Кертис өзінің Андромеда галактикасы (М31) Құс жолының сыртындағы дербес галактика деген пікірін қорғау үшін біздің Құс жолында да тұмандықтарға ұқсас қара із бар және елеулі допплер ауысымы бар деп есептеді.

1925 жылы Хаббл тұңғыш рет өзі түсірген суреттен Құс жолы сыртындағы Андромеда галактикасын айқындап берген соң аталған дау тыншыды. Оның расымен дербес арал секілді жұлдыздық жүйе екені ақыры тұрақтанған шындық болды.

Бұл галактика - галактикаларды зерттеу тарихында өте маңызды рөл ойнады, өйткені ол бізге ең жақын галктика болмағанымен, бірақ ең алып галактикалардың ішіндегі ең жақыны есептеледі. 1943 жылы Вальтер Бадер тұңғыш рет Андромеда галактикасының өзек өзңіріндегі тұрақты жұлдыздарды айқындады. Оның мөлшерлеуінше, екі түрлі тұрақты жұлдыз аталған галактикада бар, бірінші түрдегілері жас, жоғары жылдамдықта қозғалатын тұрақты жұлдыздар, екінші түрдегілері кәртейген, жылдамдығы ақырын, жарығы қызара түскен тұрақты жұлдыздар. Бұл түрдегі тұрақты жұлдыздарды атау амалы қазіргі кезде басқа галактикадағыларды, мысалы біздің Құс жолы жүйесіндегі тұрақты жұлдыздарды да анықтауға қолданылады. Оның зерттеулері Андромеда галактикасының (М31) бізден қашықтығын бір есеге дейін арттырды, әлемнің пайда болуына қатысты идеяларға да әсер етті.

Андромеда галактикасының тұңғыш радиодиаграммасын 1950 жылы Жон Балдуін Кембридж радиоастрономиялық тобымен бірге айқындап шықты. 2С радиоастрономиялық каталогта Андромеда галактикасының өзек бөлігі 2C 56 етіп белгіленді.

Аралықтың есептелуі Негізінен үш түрлі амал қолданылып Андромеда галактикасының бізбен болған аралығы есептелді.

2004 жылы Цефеид жұлдыздарын өлшеу амалын қолданып Андромеда галактикасының бізбен болған аралық қашықтығы шамамен 2510 ± 130 мың жарық жылы екені есептелді.

thumb|right|200px|Персей шоқжұлдызындағы Алголь β Қосаржұлдызы (eclipsing binaries) 2005 жылы Испаниялық Ignasi Ribas қатарлы астрономдар Андромеда галактикасынан Қосаржұлдыз (eclipsing binaries) байқады (M31VJ00443799+4129236). Ол қосаржұлдыздың екі жұлдызы біршама жарық және ыстық О жұлдыз, және В жұлдызы. Бұл қосаржұлдыздың өзара айналу периоды 3.54969 күн. Бұл олардың үлкен-кішілігін есептеуге де мүмкіндік береді. Әдетте жұлдыздың үлкендігі мен температурасы белгілі болса, онда жұлдыздық негізгі шаманы да айқындауға болады және бұл оның бізден қанша қашықтықта екенін білуге де көмектеседі. Сонымен есептеулер арқылы бұл тұрақты жұлдыздардың бізден қашықтығы 2520± 140 мың жарық жылы екені белгілі болды. Демек бұдан Андромеда галактикасының бізден қашықтығы 2 500 000 жарық жылы екені айқындалды. Бұл рет алдыңғысына қарағанда ара қашықтық тіпті де дәл есептелді.

Техниканың дамуына ілесіп, Андромеданың бізден қашықтығын Алып Қызыл жұлдыз тармағы техникасын (Tip of the Red Giant Branch ,TRGB) пайдаланып өлшеудің сәті түсті. 2005 жылы осы техника арқылы есептегенде аралық 2560±80 мың жарық жылы болды.

Осынау өлшеулерді тоғыстырғанда, Андромеданың бізден қашықтығы орташа есеппен 2530 ±70 мың жарық жылы шамасында болып табылады.

Бізбен болған бұл аралық қашықтыққа негізделіп, Андромеда галактикасының (М31) ең кең көлденеңі мөлшермен 140±4 мың жарық жылы деп шамалауға болады.

Сапасының есептелуі thumb|right|400px|NGC 6744 галактикасының суреті, ғалымдар Құс жолының толық кескіні дәл осы секілді деп есептейді. Кезекте Андромеда галактикасының массасы (қараңғы материяны қоса алғанда) шамамен 1.23×1012M☉ болып, шамамен Құс жолы массасының (5.8×1011M☉)2.12 есесіндей екен. Әрине, бұл жауап дәл болмағанымен бәрібір Құс жолы массасына қарағанда үлкен, көлемі де Құс жолынан ауқымды екені, ондағы тұрақты жұлдыздар саны да көп екені белгілі болды.

Әсіресе, Андромеда галактикасында Құс жолына қарағанда тіпті де көп қарапайым тұрақты жұлдыздар бар екен, және мөлшерленуінше Құс жолынан екі есеге дейін жарық екен. Дегенмен, тұрақты жұлдыздардың қалыптасу жиілігі Құс жолында жоғарырақ екен. Андромеда галактикасында бір жылда тек бір күн массасындай тұрақты жұлдыз жаратылса (қалыптасса), ал Құс жолы галактикасында шамамен 3-5 ке дейінгі күн массасындай тұрақты жұлдыз пайда болатын көрінеді. Жаңа ұлдыздың туу мүмкіндігі де Құс жолында бір есеге дейін жоғары. Бұл жағдайлар Андромеда галактикасы (М31) әлдеқашан тұрақты жұлдыздарды қалыптастыру кезеңін біршама артқа тастаған, ал, біздің Құс жолы жүйесі бұл тұрғыда әлі де Тұрақты жұлдыздар қалыптастыру кезеңін бастан кешіріп жатқан есептеледі. Бұл болашақта Құс жолы галактикасындағы жұлдыздардың шамасы Андромеда галактикасымен негізінен бірдей болады деген сөз.

Құрылымы Көрінетін жарық арқылы байқалған пішініне негізделіп, de Vaucouleurs-Sandage-тің cозылған және кеңейген жұлдыздық жүйе бөлу амалы бойынша Андромеда галактикасы SA(s)b Спиралды жұлдыздық жүйе түріне тән деп есептеледі. Дегенмен 2MASS ғарыш қадағалау материалдары бойынша, Андромеда галактикасының орталық шеңбері қорап тәрізді пішінді көрсетеді, бұл аталған галактиканың (М31) шынтуайтында Біліктеніп үйірілетін галактика жүйесіне тән екенін көрсетеді. Ал біз оның ұзын білігі бағытында күзеткендігімізден оның қалған тұсынан қаралған көрінісін көре алмаймыз. Сондай-ақ, Андромеда галактикасы LINRER галактикасына (ядросындағы радиация аймағының әсері төмен) жатады, демек ол ядролық белсенділігі қарапайым деңгейдегі жұлдыздық жүйе есептеледі. thumb|right|200px|Андромеда галактикасы Спитцер ғарыштық телескопындағы инфрақызыл суреті. Спитцер ғарыштық телескопы NASA -ның алып орбиталы обсерватория жоспарындағы төрт үлкен телескоптың бірі есептеледі.