Фирс Ефимович Шишигин (1908 жыл 30 тамыз, Борок-Городок, Архангельск облысы — 1985 жыл 29 мамыр, Ярославль, Ресей) — орыс кеңес режиссері, КСРО халық әртісі (1964).

Еңбек жолы 1929 – 33 жылы Ленинградтың сахна өнері техникумда оқыды. Шығармашылылық қызметін оқып жүрген кезінен бастады. 1933 – 45 жылы Қиыр Шығыс театрларының (Уссурийск, Спасск, Владивосток) көркемдік жағын басқарды. Бұдан кейін Ставрополь драма театрында бас режиссер (1945 – 47), Мәскеудің драма және комедия театрында режиссер (1947 – 50), Волгоград драма театры (1950 – 56) мен Воронеж драма театрында (1956 – 60) бас режиссер болып қызмет етті. 1960 жылдан Ярославльдің Ф. И. Волков атындағы драма театрының директоры әрі бас режиссері. Қойған қойылымдарыі:А. А. Фадеевтің «Тас-талқаны» (1933), Ю. П. Чепуриннің «Ары» (1950), А. Н. Степанов пен И. Ф. Поповтың «Порт-Артуры» (1952), В. А. Соловьевтің «Ұлы патшасы» (1953), Л. Н. Сейфуллина мен В. П. Правдухиннің «Виринеясы» (1957), Кораблинованың «Алексей Кольцовы» (1958) тағы басқа. Кең тынысты қаһармандық-романтикалық тақырыптағы қойылымдағы ден қою оның шығармашылығына тән қасиет. Ол қойған қойылымдарында көбіне көпшілік қатысатын көріністерге ерекше көңіл берді. Марапаттары КСРО Мемлекет сыйлығы (1951), РКФСР Мемлекет сыйлығының (1971) және үшінші дәрежелі Сталин сыйлығының лауреаты. Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Кормушина Г., Беспокойный художник, «Театральная жизнь», 1758.

Дереккөздер

Санат:КСРО режиссёрлері Санат:Ресей режиссёрлері Санат:КСРО халық әртістері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:1908 жылы туғандар Санат:1985 жылы қайтыс болғандар Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері