Құрлыжар – Қаратал алабындағы өзен.
Географиялық орны Жетісу облысы Көксу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 35 км, су жиналатын алабы 521 км2.
Бастауы Бастауын Көкшиелі тауының оңтүстігіндегі бұлақтардан алып, Быжы өзенінің сол жағалауына жетпей жерге сіңіп кетеді. Өзеннің Ұзынбұлақ және Еспе атты салалары бар.
Гидрологиясы Арнасының басым бөлігі жарқабақты келген. Быжы өзеніне жақын жерде 10 км-ге жуық жағалауы жартасты. Арнасында көктемгі қар суы және жауын-шашын кезінде ғана ағыны болады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Көксу ауданы өзендері Санат:Қаратал су алабы