Қотырбұлақ – Іле алабындағы өзен.
Географиялық орны Алматы облысы Талғар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 32 км, су жиналатын алабы 81,5 км2, ең көп жылдық орташа су ағымы 0,5 м3/с. Қотырбұлақтың сол жағалауына таяу жерде теңіз деңгейінен 1870 м биіктікте "Алматау" атты туристік база орналасқан.
Бастауы Бастауын Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі Қотырбұлақ және Шыбындысай тауларындағы бұлақтардан алып, Кіші Алматы өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Жоғарғы және орта арнасы тік тау шатқалдарымен ағып, төменгі арнасы тауалдының сай-жыралары өңірімен өтеді.
Өсімдігі Тау ішіндегі жағалауларында қарағай, шырша, қайың, көк терек, орта ағысында жемісті ағаштар мен жидектер (алма, алмұрт, долана, өрік, орман ішінде бүлдірген, құлпынай, итмұрын, т.б.) өскен. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Іле су алабы Санат:Талғар ауданы өзендері