Шаянмойын таран, Жылантаран () – тарандар тұқымдасының жылан таран туысына жататын көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 50-80 см. Тамырға жақын орналасқан жапырақтары ұзын, қанатты, қандауырлы-сопақша сағақты болып келеді. Сабақтары қысқа сағақты болады. Жапырақтарының бәрі қымыздық сияқты. Гүлдері-қалың масақ. Жемісі- жаңғақ. Шілде-тамыз айларында гүлдейді.

Қолданылуы КСРО-ның Еуропалық бөлігінің барлық жерлерінде, дымқыл жайылымдарында, орман шетінде өседі.

Химиялық құрамы Тамыр сабағында илі заттар, крахмал, глюкоза, С витамині кездеседі.

Дәрі мақсатында тамыр сабағы пайдаланылады. Жылантаран өте күшті қан тоқтататын, несеп жүргізетін және ас қорыту жолының функциялық қызметін реттейтін дәрі. Бұл өсімдіктің препаратын халық медицинасында қуық ауруларын мен өт тасы ауруларына, ішкі органдардан қан кеткенде, қарын мен ұлтабар жарасында, іш өту, дизентерия ауруларына (ішкізу арқылы) пайдаланылады. Дене сырт жарақаттанып, қан аққанда, шиқан шыққанға, қызылиек қабынғанға, ақ етеккір келуіне қарсы пайдаланды. Жылантаранды тек қайнатынды немесе сығынды түрінде ғана емес, сонымен қатар ұнтақ түрінде (қан аралас іш өту кезінде) де ішеді. Егер деректерге сүйенетін болсақ, жылантаран препараттарын жаңадан пайда болған қатерлі ісікке қолдануға болатын көрінеді.Дәрілік өсімдіктер. Алматы, "Қазақстан", 1975, 172 бет.

Дереккөздер

Санат:Таран тұқымдасы Санат:Дәрілік өсімдіктер Санат:Еуропа флорасы