thumb|left|200px|Сэн Катаяма- партияның алғашқы мүшелерінің бірі Жапония коммунистік партиясы (ЖКП) () – 1922 жылы 15 шілдеде Токиода астыртын съезде негізі қаланған партия. Жапония коммунистік партиясын құрып, нығайтуға С. Катаяма, С. Итикава, К. Токуда, М. Ватанабэ, Г. Кокуре т.б. белсене қатысты. 1945 жылы қазанға дейін астыртын жұмыс жүргізді. Жапония коммунистік партиясының Құрылтай съезі партияның күнделікті жұмысы бағдарламасын, уақытша жарғысын және Коминтернге кіру туралы шешім қабылдады.
Партия 2 – дүниежүзілік соғыс алдындағы кезеңде абсолюттік императорлық өкіметті құлатып, жартылай феодалдық жүйені жою жолымен елде буржуазиялық – демократиялық революцияны жүзеге асыру үшін күресті, еңбекшілердің саяси-экономикалық құқықтары жолындағы қозғалысқа басшылық етті, Совет Қиыр Шығыстағы жапон интервенцисына қарсы шығып, Совет Ресейді қолдады, Қытайдағы және басқа елдердегі жапон империализмінің агрессиясын әшкереледі.
Жапония коммунистік партиясының Бағдарламасын қабылдау және оны нағыз маркстік – лениндік партияға айналдыру жолындағы күресте партия 1923 – 1927 жылдары жойымпаздық бағытты және солшыл оппортунистік бағытты жеңіп шықты. Коммунистік Интернационал Атқару комитетінің 1927 жылы шілдеде жапон мәслесі жөнінде басылған тезистері ЖКП қызметінің нақты бағдарламасын жасауға, партияның бұқара және еңбекшілердің ұйымдары арасында ықпалын күшейтуге жәрдемдесті.Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том.
Дереккөздер
Санат:Елдер бойынша коммунистік партиялар Санат:Жапония саяси партиялары Санат:Жапония коммунистік партиялары