Леон Михайлович Шенгелая (лақап аты: Киачели Лео; 1884, Зугдид уезі, Обуджи селосы – 1963, Тбилиси) – грузин кеңес жазушысы. 1904 жылы Кутаиси гимназиясын бітірді, Харьков университетінің заң факультетінде (1905), Женева университетінде (1912) оқыды. Революциялық қозғалысқа қатысқаны үшін қуғындалып, түрмеге түсті (1906). 1912 – 17 жылы шетелде болып, ақпан революциясынан кейін Грузияға оралды. Киачелидің “Баяғылар бұл күнде” атты алғашқы әңгімесі 1909 жылы жарияланды. Ол “Тариэль Голуа” романы (1915) арқылы жаңа грузин прозасының негізін салды. “Қан” (1927), “Гвади Бигва” (1938, КСРО Мемлекеттік сыйлығы 1941, қазақ тілінде шықты, 1952),”Тау адамы” атты романдары, т.б. шығармалары - грузин әдебиетіндегі социалды реализм үрдісінде жазылған көрнекті туындылар. Киачелиге Горькийдің әсері айқын болған (кейін ол Горькийдің шығармаларын грузин тіліне аударды); Грузин деревнясындағы 1905 жылғы революциясының жайын баяндаған повесть - «Тариэль Голуа» деп, одан әрі «Қан», «Гвади Бигва» романдарын жоғары бағалаған.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8 Киачели – қысқа жанрдың да шебері. Оның “Князь әйелі Майя”, “Алмастыр Кибулан” т.б. новелаларында өмір шындығы асқан суреткерлікпен шебер бейнеленген. Киачели Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ.Қаратаев
Дереккөздер
Санат:КСРО жазушылары Санат:Грузия жазушылары