Бекмұрат Ералыұлы Тыныштықбаев (5.2.1959 жылы т., Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шіркейлі ауылы) – техника ғылымдарының докторы (2000), профессор, ҚР Ұлттық инженерия академиясының корреспондент мүшесі (2001).

Өмірбаяны Мәскеу ауыл шаруашылық өндірісі инженерлері институтын бітірген (1981). Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтының (қазіргі Тараз мемлекеттік университеті) Қызылорда бөлімшесінде оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1981–1996) Қызылорда мемлекеттік университетінде декан (1996–98); 1998 жылдан Қызылорда инженерлік-экономикалық институтының ректоры қызметін атқарады.

Ғылыми еңбектері «Оптимальное проектирование ресурсосберегающих производственных процессов заготовки стебельчатых кормов в условиях Приаралья Казахстана» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 40-тан астам ғылыми жарияланым мен 1 монографияның авторы.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:5 ақпанда туғандар Санат:1959 жылы туғандар Санат:Сырдария ауданында (Қызылорда облысы) туғандар Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Ұлттық инженерия академиясының корреспондент мүшес Санат:Мәскеу ауыл шаруашылық өндірісі инженерлері институты түлектері Санат:Тараз мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Қызылорда инженерлік-экономикалық институтының ректорлары Санат:Қазақстан инженерлері