Матақ – Нұра алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 54 км, су жиналатын алқабы 1740 км2.
Бастауы Шымылдықжал тауындағы бұлақтан басталып, Үлкен Шөладыр тауы тұсында Нұраға құяды. Арнасы көбіне тік жарлы.
Гидрологиясы Жер асты, жауын-шашын суымен қоректенеді. Жылдық орташа су шығыны Матақ бекеті тұсында 0,13м3сек. Алабы жайылым.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы өзендері Санат:Нұра су алабы