Қоңыржал – Қаракеңгір өзені аңғарындағы аласа тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Сәтбаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 41 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 507 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-ге созылған, енді жері 1 км.

Жер бедері Беткейі тіктеу келген, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Сай-жыралармен тілімденген.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр, сұр топырақ жамылғысында селеу, жусан, көкпек, сұлыбас, еркек шөп, бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы таулары