Қосмұрын – Үлкен Сарышығанақ шығанағының солтүстік-батысындағы шоқы.
Географиялық орны Қызылорда облысы Арал ауданы Жалаңаш ауылының солтүстігінде 14 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 244 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай 4,5 км-ге созылған, енді жері 3 км.
Жер бедері Оңтүстік беткейі тіктеу, солтүстікке қарай еңістеніп жазыққа ұласады. Солтүстігінде Жетікөл құдығы, оңтүстігінде Қушоқы шоқысы, батысында Жұмбас тауы бар.
Өсімдігі Сортаң қоңыр топырақ жамылғысында шөл өсімдіктері өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Арал ауданы таулары