Гюстав Поль Клюзере (, 13 маусым 1823 жылы, Франция - 23 тамыз 1900 жылы, Йера маңы) — француз әскери және саяси қайраткері. Париж коммунасының қатысушысы, АҚШ федералды әскерінің генералы.
1848 жылы маусым көтерілісін басуға, 1853-1856 жылдары Қырым соғысына, 1860 жылы Гарибальди жорығына қатысты.
1861-1865 ж.Америка Азаматтық соғысы кезінде Солтүстік армиясы қатарында шайқасып, генерал атағын, АҚШ азаматтығын алды.
Францияға қайтып келіп, III Наполеон үкіметін баспасөзде қатты сынағаны үшін 1868 жылы тұтқынға алынды. Тұтқыннан Америка азаматы ретінде босатылғанымен, Франциядан жер аударуға мәжбүр болды. 1871 ж. сәуірде Париж Коммунасының әскери делегаты; Коммуна құлағаннан кейін эмиграцияға кетті. 1884 ж. Францияға қайта оралды. 1888, 1889, 1893, 1898 жылдары депутаттар палатасына сайланып, социалистік топқа қосылдыҚазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 480 бет.
Дереккөздер
Санат:Франция саясаткерлері Санат:Франция революционерлері Санат:Франция социалистері