Джордж Рэймонд Ричард Мартин (, 20 қыркүйек 1948 жылы) — жазушы, сценарийші, продюсер, редактор жəне көптеген сыйлықтардың иегері. Бүкіл əлемге танымал романдар циклі - «Мұз бен от жыры». Жазған кітаптары Толкин деңгейіне көтерді.

Өмірбаяны Джордж Мартин Нью-Джерси штаты, Бейонн қаласында, жүк тиеуші Рэймонд Коллинз Мартин мен Маргарет Брэди Мартин отбасысында дүниеге келген. Мартинның екі әпкесі бар - Дарлин Мартин-Лапински жəне Джанет Мартин-Паттен. Джордж Мартин жастайынан оқуды жақсы көріп, қорқынышты оқиғаларды жазып, оларды сатқан. Жоғары сыныптарда комикс оқығанды ұнатып, коллекция жинайтын болды. Ол Солтүстік-батыс университетінің Медилл журналистика мектебінің бакалвр мен мағистратурасын үздік бітірген. 1980 жылы Голливуд қаласына көшіп, сценарист болып жұмыс істеді. Джордж Рэймонд Ричард Мартин фэнтези жанрын жалпы ұнатпағанмен Джон Толкин Сақиналар әміршісі кітабын ұнататын. Тэд Уильямс жəне Джек Уэнс шығармаларын оқығаннан кейін өзі де осы жанрда жаза бастады.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Жазушының ресми сайты

Санат:Джордж Р. Р. Мартин