Иван Павлович Минаев (9(21) қазан 1840, Тамбов — 1(13) маусым 1890, Санкт-Петербург) — орыстың шығыс зерттеуші индологы, тұңғыш индология ғылымының негізін қалаушы. 1861 жылы Санкт-Петербург университеті Шығыс факультетінің қытай-манжур бөлімін бітірді. 1873 жылдан Санкт-Петербург университетінде үндіеуропа тілдері салыстырмалы грамматикасы кафедрасының профессоры. Минаев үнді дінін, тұрмысы мен қоғамдық қатынастарын жан-жақты зерттеді. «Қазіргі Үндістандағы жер иелену», «Ресей және ағылшын-үнді мүдделері», «Бирмадағы ағылшындар», «Әмударияның жоғарғы ағысындағы елдер туралы деректер» т.б. еңбектер жазды.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Дереккөздер
Санат:Шығыстанушылар Санат:Ресей шығыстанушылары