«Жанубий Қозоғистон» газеті – 1991 жылы 5 сәуірден бері шығып келе жатқан өзбек тілді басылым. 1999 жылға дейін «Дўстлик байроғи» болып келді. Өзбек халқының тарихы мен салт-дәстүрі жайлы жазады, Қазақстан Президенті мен Үкіметінің саясатын насихаттайды. Газет ҚР Конституциясын, «Қазақстан – 2030» бағдарламасын өзбек тілінде жариялаған. Өңірдегі өзбек тілді ақындардың жинағын қазақ тілінде басып шығаруда. Бас редакторы Ф.Қаратаев. Газет аптасына 2 рет шығады.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Сілтемелер

Санат:Түркістан облысы газеттері‎ Санат:Өзбек тілді газеттер