Сварадж (санскрипте, сөзбе-сөз - өзін-өзі басқару) - Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалысының бағдарламалық саяси ұраны. Ағылшын үстемдігінне қарсы, өзін-өзі басқару жолындағы күреске шақырды. 20 ғасырдың басында пайда болды және бағдарламалық талап ретінде алғаш рет 1906 жылы Үнді ұлттық конгресінің (ҮҰК) Калькуттадағы сессиясында қабылданды. ҮҰК-нің Нагпурдағы сессиясы (1920) Свараджды іске асыру үшін күресу ҮҰК қызметінің негізгі мақсаты деп санады. Ал, бірегей конгресшілдер Британ империясының көлеміне шектеулі өзін-өзін басқару, ал ҮҰК-нің радикалды қанаты Үндістанның тәуелсіздігі жолында күресуге шақырды. ҮҰК-нің Лахордағы сессиясы (1929) толық С-ды (пурна сварадж) жүзеге асыру міндетін алға қойды. Бірақ, мұны ұлт-азаттық қозғалысы оң қанатының өкілдері Үндістанның доминион статусына жету, сол қанатының өкілдері (Дж. Неру, С. Ч. Бос т.б.) Үндістанның толық тәуелсіздігі статусын қамтамасыз ету деп қарады. Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Дереккөздер
Санат:Үндістан саясаты