Ханка — Ресейдің Приморье өлкесіндегі көл, Қытаймен шекарада. Жалпы ауданы 4190 км квадрат (оның 3030 км квадрат Ресейде), тереңдігі 10,6 м. Ханка ойпатының орталығындағы тектоникалық ойыста қалыптасқан. Ханка көлінің мөлшері деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Жағалауының көпшілік бөлігі батпақты. Суы тұщы, лайлы. Көлге Лефу, Мо, синтуха, т.б. өзендер құйып, Сунгача өзеніне (Уссурийдің сол саласы) ағып шығады. Қарашадан сәуірге дейін қатады. кеме жүзежі. Сазан, су тасбақасы, ондатра тіршілік етеді; жағалауында суда жүзетін құстар ұя салады.

Санат:Приморье өлкесі көлдері Санат:Шекаралық көлдер