Серваж (французша servage, латынша servus - құл) – шаруаладың орта ғасырлық Батыс Еуропа елдеріндегі феодалдық тәуелділігінің бір түрі. Серважда басыбайлы құқықтың кейбір элементтері кездеседі. Серваж феодалдық бытыраңқылық кезеңде кең өріс алды. Ол феодалды-тәуелді шаруалар бөлігін ғана қамтыды. Серваж тек барщина сақталған жерде дамып қоймай, сонымен бірге заттай және ақшалай рента тараған жерлерде де жан-жақты дамыған. 15-ғасырда товарлы ақша қаттынасының айтарлықтай дамуы серваждың жойылуына әкеп соқты. 14-15 ғасырлардың 2-жартысында Батыс Еуропа елдерінің бірсыпырасында болып өткен жаппай халық көтерілістері серважға соққы берді. 16-18 ғасырларда серваж кейбір артта қалған аймақтарда ғана сақталды. Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Серваж · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.