Мұхамбаев Ақаш (1922 Гурьев обл., Жылыой ауд., Ембі аул Советі, - 25. 08.1968, Гурьев облысы, Ембi ауданында, Кұлсары пос.) - мұнай өнеркәсібінің шебері, Соц. Еңбек Ері (1963). «Казнефтегазразведка» басқармасына қарасты Оңт. Ембі экспедициясында ұзақ жылдар бойы мұнайшы-бұрғышы болып істеді. 1945 жылдан КОКП мүшесі. Жаңа ЗД, 5Д, БУ-75 бұрғылау қондырғыларын алғашқы игерушілердің бірі. Тұғырақшан, Үлкентөбе, Боранкөл, Прорва мұнай кендерін игеруге қөп еңбек сіңірді, ондаған маман мұңайшылар тәрбиелеп шығарды. Оның есімі КСРО Геологиялық министрлігінің Еңбек Даңқы кітабына жазылды (1967). Ленин орденімен және медальдармен наградталды.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Мұхамбаев Ақаш · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.