Дэвид Уорк Гриффит (; 22 қаңтар, 1875, Ла-Гранж, Кентукки – 23 шілде, 1948, Голливуд, Калифорния, АҚШ) – американ режиссері.
Кинодағы қызметін 1907 жылы Нью-Йорктың «Эдисон» мен «Байограф» студиясында бастады. Алғашқыда актер, сценарист болған. 1908-1912 жылдары «Байографтың» бас режиссері болып қызмет етті. Ч.Дикенс, Дж. Лондон, Э.По және Л.Н. Толстойдың шығармалары экрандады. Оның шығармалары дүние жүзі кино өнерін дамытуға үлкен үлес қосты. Режиссерлік планды кең пайдаланды. 1915-1918 жылы «Ұлттың тууы», «Дүние жүрегі» мен «Төзбеушілік» фильмін жасады. Шығармашылақ идеялық қайшылықтарға толы суреткер.
1931 жылы кинодан мүлдем қол үзді.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 3 том
Дереккөздер
Санат:Кентуккиде туғандар Санат:Голливудта қайтыс болғандар Санат:Мылқау кино режиссерлері Санат:Вестерндер режиссерлері Санат:Құрметті Оскар сыйлығының иегерлері