Қумырза – Күршім алабындағы өзен.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 28 км, су жиналатын алабы 241 км2, жалпы ұзындығы 57 км болатын 19 саласы бар.
Бастауы Бастауын Нарын жотасындағы Үйгентас және Көктас асулары баурайындағы бұлақтардан алып, Күршім өзенінің саласы - Маралды өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Арнасы толығымен дерлік тау шатқалымен өтеді. Сандықтау жағалауы тік жартасты, жоғарғы ағысында құзды келген.
Өсімдігі Жоғарғы құзды жағалауында қарағай, самырсын, майқарағай, төменде қайың, көктерек, арша, т.б. ағаштардан тұратын беткейлік орман қалыптасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Күршім ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы