Қыземшек – Бетпақдала даласының оңтүстік-батысындағы тау.
Географиялық орны Түркістан облысы Созақ ауданы Жуантөбе ауылынан солтүстікке қарай 48 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі - 265 м.
Жер бедері Екі өркештен тұратын тау беткейі көлбеу келген. Беткейі мен етегінде шөл далаға тән өсімдіктер өскен. Солтүстігінде 10 км жерде өзімен аттас кент және кеніш орналасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Созақ ауданы таулары