Мәт – Боқсық өзенінің оң саласы.
Географиялық орны Ақмола облысы Бұланды ауданы жерімен ағады.
Бастауы Карамышевка ауылының шығысына қарай 3 км жерден бастау алады. Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 200 км жерде Боқсық өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 29 км. Жалпы ұзындығы 16 км болатын 7 ұсақ салалары бар. Суайрығының жер бедері көлбеулі аккумулятті-денудациялық жазық. Аңғары нашар байқалады, жайылмасы жоқ. Жазда қарасуларға бөлініп қалады.
Өсімдігі Карбонатты қара топырағында қызыл қаулы-бетеге аралас әр түрлі шөптесін өсімдіктер өседі. Жақын жерлердегі шаруашылықтарды суғаруға пайдаланылады. «Ақмола облысы» энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Бұланды ауданы өзендері Санат:Есіл су алабы