Қарашоқы – Ақшатау жотасының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Аягөз қаласынан батысқа қарай 48 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 985 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км.

Жер бедері Солтүстік-шығыс беткейі тіктеу, өзен арналарымен тілімденген. Кейбір бөлігінде таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Батысында Қарапішен тауы мен Саға қыстауы, шығысында Шұбарағаш, оңтүстігінде Қырыққұшық қоныстары бар.

Өсімдігі Тауалдының бозғылт қоңыр топырағында дала өсімдіктері аралас бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары