Васильев Семен Ефимович (16 ақпан 1894 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Пронькин селосы – 8 қыркүйекте 1972 жылы, Ресейдің Ставрополь қаласында) – қатардағы жауынгер, «Даңқ» орденінің 3-дәрежесінің толық иегері. Прокопьевск қаласында шахтада жұмыс істеген. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, 1941 жылдың тамыз айынан Екінші дүниежүзілік соғыстың майдандарындағы ұрыстарға қатысқан. Васильев 70-атқыштар дивизиясының 538-артиллериялық миномет полкінің байланысшысы болған. 1945 жылы армия қатарынан босатылып, Ақмола облысының «Белгородский» кеңшарында жұмыс істеген. 1964 жылы Ставрополь қаласына көшіп кеткен.
Марапаттары Даңқ ордені 3 дәрежелі (27.05.1944) Даңқ ордені 2 дәрежелі (31.08.1944) Даңқ ордені 1 дәрежелі (31.05.1945)
Дереккөздер Айбын Энциклопедия Орысша уикипедия
Санат:1894 жылы туғандар Санат:1972 жылы қайтыс болғандар Санат:Даңқ орденінің иегерлері