Ткачев Иван Леонтьевич (1920 жылы, Петропавл қаласы) – соғыс ардагері, 3-­дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері. 1939 жылдан Қызыл Армия қатарында, ал 1941 жылдан майдандағы ұрыстарға араласқан. Севастопольді қорғауға қатысқан. Екі жылға жуық уақыт Қырым тауларындағы партизан отрядында барлаушы, рота командирі болған. Соғыстан кейін Кемероводағы техникалық училищеде оқытушылық қызмет атқарған.

Дереккөздер Орысша уикипедия Айбын энциклопедия

Тағы қараңыз Ткачев Иван Леонтьевич

Санат:1920 жылы туғандар Санат:Ұлы Отан соғысы Санат:Даңқ орденінің толық иегерлері