Сельвинский Илья (Карл) Львович (24 қазан 1899, Симферополь – 22 наурыз 1968, Мәскеу) – орыс совет жазушысы. 1941 жылдан КОКП мүшесі. Мәскеу университетінің қоғамдық ғылымдар факультетін бітірді (1923). Әдеби жұмыспен 1915 жылдан айналысты.
1920 жылдары конструктивистер әдеби тобы жетекшілерінің бірі. Ертеректегі шығармаларының бастылары – «Улялаевщин» поэмасы (1927), «Командарм 2» трагедиясы (1928). Өлеңмен жазылған «Пушторг» романы (1928).
1930 жылдарда тарихи тақырыптарда шығармалар жазды. Ресей тарихының күрделі кезеңдерін суреттеді («Иоанн сері», 1937; «Бабек», 1941 т.б.). Ұлы Отан соғысы тұсында патриоттық жырлар («Мен мұны көрдім» т.б.) жазумен бірге «Ресей» драм. Трилогиясын («Ливон соғысы», 1944; «Полтавадан Ганнгутқа дейін», 1949; «Үлкен Кирилл», 1957) жариялады. «Жыр бастауы» кітабын (1962), «Айқай, жастық шағым» өмірбаяндық романын (1966) т.б. жазды. Сельвинский қазақ ақындарының (Абай, Жамбыл, І. Жансүгіров, Т. Жароков, Ә. Тәжібаев т. б.) бірқатар шығармаларын орыс тіліне аударды. 5 орденмен және медальдармен марапатталған.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Дереккөздер
Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:XX ғасырдағы Ресей ақындары Санат:КСРО ақындары Санат:Алфавит бойынша драматургтер Санат:XX ғасыр драматургтері Санат:Ресей драматургтері Санат:КСРО драматургтері Санат:XX ғасырдағы Ресей жазушылары Санат:КСРО жазушылары Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Мәскеуді қорғағаны үшін медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалінің иегерлері Санат:Подполковниктер (КСРО) Санат:КОКП мүшелері Санат:КСРО жазушылар одағы мүшелері Санат:Соцреалист-жазушылар Санат:Орыс ақындары Санат:XX ғасырдағы орыс жазушылары Санат:Орыс авангарды ақындары Санат:Новодевичье зиратында жерленгендер