right Халькогендер – периодтық жүйенің VI A-тобы элементтерінің топтық атауы. Топқа оттегі О, күкірт S, селен Se,теллур Te,полоний Po элементтері жатады. Бұл элементтер атомдарының валенттілік деңгейлерінің электрондық формуласы ns2np4. Оттегі қосылыстарда көбінесе теріс ширек - II, сирек - I тотығу дәрежелерін көрсетеді. Басқа халькогендерге +IV және +VI, сонымен бірге -II тотығу дәрежелері тән. Электртерістіліктері бойынша О және S -бейметалдар, ал Se, Te және Po - амфотерлі элементтер; Se мен Te бейметалдық, ал Po металдық қасиеттерді басымырақ көрсетеді.Бос күйінде оттегі O2- газ, ал күкірт және оның аналогтары - қатты заттар. Оттегіден полонийға қарай жай заттардың тотықтыру мүмкіндіктері азаяды. Халькогендердің қасиеттері

Оттегі Негізгі мақала: Оттегі

Оттегі - екінші периодтың, VI- топтың элементі. Электртерістілігі жоғары, типтік бейметалдық қасиеттерді көрсетеді. He,Ne,Ar элементтерден басқа элементтермен қосылыстар береді, көптеген оксидтер, гидроксидтер, оттекті қышқылдар тұздарының құрамына енеді. Жер қабатында 55% және табиғи суларда ең көп таралған элемент, бос және байланысқан түрде кездеседі. Минералдар мен тау жыныстары (алюмосиликаттар, құм, балшыққұмдақтар т.б.) құрамына енеді. Бос оттегі ауа құрамында болады. Барлық тірі ағзалардың тіршілігіне өте қажетті элемент, органикалық заттардың көбінің құрамында болады, сан алуан биохимиялық процестерге қатынасады, тіршілікті қамтамасыз етеді. Оттегін 1769-1771 жылдары швед химигі К.В.Шееле ашты және одан тәуелсіз 1774 жылы ағылшын химигі Дж.Пристли қоса ашты. Олар оттегін HgO мен KNO3-ті қақтау арқылы алды. thumb|right|100px|Оттегі O

Күкірт Негізгі мақала: Күкірт

Күкірт - пероидтық жүйенің үшінші периоды және VIA-тобының элементі. Күкірттің электртерістілігі 2,60-қа тең, оған бейметалдық қасиеттер тән. Сутекті және оттекті қосылыстарында, әр түрлі аниондар құрамында кездеседі, оттекті қышқылдар мен олардың тұздарын, бинарлы қосылыстарды түзеді. Табиғатта химиялық таралуы бойынша он бесінші орында (бейметалдар арасында жетінші). Бос күйінде, байланысқан түрлерде кездеседі. Әр түрлі минералдардың, кендер мен тау жыныстары (сульфидтер, сульфаттар), мұнай, көмір құрамына енеді. Табиғи сулар құрамында алтыншы элемент. Жоғары дамыған ағзалар тіршілігі үшін маңызды элемент, көптеген ақуыздардың құрамдас бөлігі, шаштарда шоғырланады. Күкірт көне заманнан белгілі, оны бос күйінде тапқан. Алхимиктерде барлық металдар "тегінің" бірі болып саналған, ол атақты ортағасырлық ғалым Р.Бэконның (XIII ғасыр) еңбектерінде толық жазылған.

Селен Негізгі мақала: Селен

Селен — элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 34, атомдық массасы 78,96. Жер қыртысындағы салмақ үлесі 5106%. Атауы грек тілінен аударғанда selene — “Ай” деген сөзден шыққан. Табиғатта тұрақты 6 изотопы бар. Жасанды жолмен алынған изотоптарының маңыздысы ^{75}_{34}Se(T1/2=121 тәулік). Селенді 1817 жылы швед ғалымы Й.Берцелиус (1779 — 1848) ашқан. Минералдары: берцелианит, науманит, клаусталит, халькоменит, керстенит; шашыранды элемент. Кристалдық торы гексагоналды (сұр С.), сұр түсті, қатты бейметалл; тығыздығы 4,807 г/см3, балқу t 221ӘС, қайнау t 685,3ӘС, 100 — 150ӘС-та сұр селенге айналатын кубтық және моноклинді түрөзгерістері кездеседі. Қосылыстарында айнымалы, –2,+2,+4,+6 валентті. С-нің буында Se8Se6Se4Se2 қатар болып, сары түсті келеді. Температура 900-тан асқанда Se-нің мөлшері әлдеқайда артады. Химиялық қасиеттері күкіртке ұқсас. Селен қосылыстарының барлығы улы, галогендермен әрекеттесіп SeF6, SeCl4, SeBr4 және тағы басқа қосылыстар түзеді. Селенді күкірт қышқылының өндіріс қалдықтарынан, мысты тазарту кезіндегі анодтағы тұнбадан алады. Селенді болаттың қасиетін жақсартатын қоспа, оптикалық шыны, резина бұйымдары өндірісінде катализатор ретінде қолданылады. thumb|right|100px|Селен Se