Қыстаубай өзені – Ащысу алабындағы өзен.

Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 30 км, жалпы ұзындығы 26 км болатын 7 жылғасы бар.

Бастауы Бастауын Шыңғыстау жотасының оңтүстік-шығысындағы тау баурайынан алып, Ақдала қонысында жерге сіңіп кетеді.

Гидрологиясы Өзеннің Жүрекадыр ауылына дейінгі арнасы тау шатқалымен ағады және жартасты келеді. Жүрекадыр ауылынан төменде арнасы кеңейіп жазық жермен өтеді. Ауылдан кейінгі бөлігін Қос деп атайды. Таулы бөлігінде арнасында жыл бойы ағын болады. Жазық жерде ағыны қарасуларға бөлініп қалады. Алабы мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы) өзендері