Жаманадыр – Қаратас тауының оңтүстігіндегі тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында. Тереңбұтақ және Құдайменде өзендерінің аралығында орналасқан.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Абсолюттік биіктігі 636 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-ге созылған, доға тәріздес. Енді жері 2 км. Оңтүстік-шығыс беткейі тіктеу келген. Оңтүстігінде бірнеше ұсақ шоқылар кездеседі. Девонның ортаңғы және төменгі кезеңінің тау жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Қиыршықтасты, қара қоңыр топырағында жусан, бетеге өседі."Қазақстан табиғаты энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы таулары