Арво Мартти Октавианус Рясянен-(1893 жылы, Хельсинки-1976) – финн туркологы, Хельсинки университеттінің профессоры. Осы аталған университететті бітіріп, Берлинде, Будапештте жұмыс істеді. Еңбек жолы Негізгі еңбектері түркі тілдерінің лексикасы мен этимологиясын, диалектісін, ауыз әдебиетін зерттеуге арналған. Рясянен түркі-славян тілдерінің қарым-қатынасы туралы да еңбек жазды, түркі тілдерінің морфологиясын зерттеді. Олардың кейбіреулері: "Черемис тіліндегі куваш элементтері", "Черемис тіліндегі татар элементтері", " Волга бойындағы халықтардың тіліндегі кейбір сөздердің тарихынан очерктер", "Чуваштардың әдет-ғұрпы және эпосы" т.б. Ол түркі тілдерінің тарихи фонетикасын зерттеуге үлес қосты. Рясянен еңбектерін неміс және финн тілдерінде жазды. Қазақ совет энцеклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1893 жылы туғандар Санат:1976 жылы қайтыс болғандар Санат:Финляндия ғалымдары Санат:Түркітанушылар Санат:Профессорлар