Қорымды – Күнгей Алатау жотасының орта бөлігіндегі асу.
Географиялық орны Қазақстан (Алматы облысы Райымбек ауданы) мен Қырғызстан шекарасы аралығында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 3174 м.
Жер бедері Беткейі тік жарқабақты, биік шатқалды келген. Солтүстігінен Кеңсу өзені бастау алады.
Өсімдігі Тау беткейлерін альпілік және субальпілік шалғындар көмкеріп жатыр, одан төменде қарағай, қайың ормандары өскен. Мамыр-қазан айларында асудан салт атты адам өте алады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Алматы облысы асулары Санат:Қырғызстан асулары Санат:Күнгей Алатау